×

Қызылжар төңірегіндегі Заречный кентінде тасқынның беті қайта бастады

AstanaTV
03.05.2016ж. 20:00
1370
Қызылжар төңірегіндегі Заречный кентінде тасқынның беті қайта бастады

Қызылжар төңірегіндегі Заречный кентінде тасқынның беті қайта бастады. Ауылға апаратын қос жол бірте-бірте судан арылып келеді. Көлік қатынасы қайта жанданды. Маңайдағы саяжайларда жер кеуіп, тұрғындар топырақты өңдеуге кіріскен. Ал баспаналар тегістей судан арылды. «Жалпы, өңір бойынша жағдай тұрақтанды. Бүгінде су басқан ауылдар тіркелмеген», - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Есіл өзенінің тасуы әлі де жалғасуда. Бірақ ауылдарға қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі су деңгейі төмендеп жатыр.  Өзен тасыған кезде Заречныйдың бір жағынан жолдың 1 шақырымы, ал екінші жағынан 300 метрдей аралығын су басқан еді. Қазір мейлінше азайды.