$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Инвестициялық климатты жақсарту мәселелеріне арналған брифинг

AstanaTV
03.05.2016ж. 20:00
1716
Инвестициялық климатты жақсарту мәселелеріне арналған брифинг

2019 жылдың соңына қарай Қазақстанда қайта өңдеу секторына тартылатын инвестиция көлемі 8,6 триллион теңгеге жетеді деген жоспар бар. Кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі 40 пайызға ұлғаяды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен «100 нақты қадам - ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында  индустриалды-инновациялық саясат мәселелеріне арналған брифингте айтылды.

Үдемелі индустрияландыру бағдарламасының келесі бесжылдығында толық циклді автозауыттарға баса мән беріледі. Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев осылай деп сендірді. Сондай-ақ брифингте айтылғандай, бағдарламаның алғашқы бес жылдығында Қостанай мен Алматы қалаларындағы көлік зауыттары толық жиынтықты болмаған. Ал, бүгінде Өскеменде салынып жатқан Рено Ниссан зауыты маңынан арнайы технопарк салу жоспары бар.


Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Өскеменде құрылысы басталған зауытта жылына 120 мың көлік шығарылады. 6 мың адам тұрақты жұмыспен қамтамассыз етілмек. Зауыттың жанынан арнайы технопарк құрылады. Онда көліктерге қажет компоненттер шығарылады. Осылайша, қосымша құн салығының едәуір бөлігі өзіміздің елде қалады.

Айта өтейік, 2005-2015 жылдары Қазақстанның экономикасына шетелдерден 222 млрд АҚШ валютасы көлемінде инвестиция құйылды. Олардың 63%-ы немесе 140 млрд доллары индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдары тартылған.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА