Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда жоғалған студенттің денесі табылды

AstanaTV
04.05.2016ж. 20:00
1493
Алматыда жоғалған студенттің денесі табылды

Алматыда жоғалып кеткен студенттің денесі табылды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 23 жастағы Санжарбек Арзиевтің мәйітін құтқарушылар Есентай өзенінен алып шықты. Жас жігіттің өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Алдын ала болжам бойынша, оның денесі суға батып кеткеннен соң өлім құшқан. Қазір осыған орай сот медициналық сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру тобы оның өліміне басқа да сыртқы күштердің әсері болды ма, анықтайтын боламыз. 

Іздеу шараларын жеңілдету мақсатында тиісті мамандар Есентай өзеніндегі судың бір бөлігін басқа арнаға бұруға мәжбүр болды. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері өзен сағасындағы қалтарыстарды сүзгіден өткізген. Осылайша мәйітті табу мүмкін болды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 5-курс студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуір күні түнде жоғалған болатын. Марқұмның досының айтуынша, соңғы рет таныстары оны Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4-тер шамасында көрген.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ