Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сирияға аттанбақ болған Қарағанды тұрғынына сот үкім шығарды

AstanaTV
04.05.2016ж. 20:00
1186
Сирияға аттанбақ болған Қарағанды тұрғынына сот үкім шығарды

Қарағандыда заңсыз шекара асып, Сирияға аттанбақ болған жігіт 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 34 жастағы 4 баланың әкесіне қатысты Қазыбек би аудандық соты осындай үкім шығарды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтейтін болды. 

Гүлбаршын Жітікова, Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Усман Касумов Қылмыстық кодекстің 392 бабы 1-інші бөлімімен «Қазақстан шекарасынан заңсыз асу әрекеті» және «террористік топтарға қосылуға оқталу» баптарымен айыпталды. Мүлкі тәркіленетін болады. 

Облыстық соттың дерегінше, айыпталушы ДАИШ лаңкестік ұйымының құрамына кіруге оқталған. Бұл ұйымның қызметіне тиым салынғанын біле тұра, осындай әрекетке барған. Жерлесінің құжатын ұрлап алып, сол құжат арқылы Қырғызстанға өтіп, кейін Түркияға ұшып барған. Қыркүйек айында сол елдің Газиантеп қаласынан Сирияға аттанғалы тұрған жерінен түрік полицейлерінің қолына түсіп, Қазақстанға қайтарылды. Сот отырысында ол кінәсін мойындамады. Сирияға ақша табу мақсатында бармақ болғанын айтып бақты. Алайда, сот оны айыпты деп таныды. 

Айжан ҚУАШ