Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауының қорытындысын жариялады

AstanaTV
31.03.2014ж. 20:00
1163
Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауының қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауының қорытындысын жариялады. Күні кеше 59 округте мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтті. Нәтижесінде Астана қаласында бір депутат, жеті облыстық, он екі қалалық және отыз тоғыз аудандық мәслихат депутаттары таңдалды.

Негізінен 188 азамат депутат болуға дәмеленген. Соның 59-ы іріктелді. Бір мандатқа үш үміткерден таласқан. Орталық комиссияның мәліметінше, электораттың келуі 74,4 пайызды құрады. Сайланғандар құрамына келсек, 74 пайызы ер адам болса, 25 пайызы әйелдер. Жалпы сайлау науқаны кезінде Орталық комиссияға заң бұзушылыққа қатысты ұзын-саны сегіз арыз-шағым түскен. 


Венера Жексембекова, ҚР орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы:


Сайланған депутаттардың орташа жасы 45 жас. Олардың 56-ның жоғары, 1-нің арнаулы және 2-нің орта білімдері бар. 39 пайызы мемлекеттік мекемелерде, 34 пайызы коммерциялық құрылымдарда қызмет жасайды.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ