Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Оқушылардың зияткерлік меншік бойынша VІ халықаралық олимпиадасының қазақстандық туры өз мәресіне жетті

AstanaTV
31.03.2014ж. 20:00
2206
Оқушылардың зияткерлік меншік бойынша VІ халықаралық олимпиадасының қазақстандық туры өз мәресіне жетті

Білімді ұрпақ ел болашағы. Өткен жылдың қыркүйек айынан басталған мектеп оқушыларының зияткерлік меншік бойынша VІ халықаралық олимпиадасының қазақстандық туры өз мәресіне жетті. Білім додасына еліміздің барлық аймақтарынан 1246 бала қатысқан.

Ауқымды жоба халықаралық деңгейде осымен 6-рет ұйымдастырылып отыр. Олимпиада мақсаты: мектеп оқушыларының зияткерлік қабілетін шыңдау. Білім сайысына ТМД елдерімен қоса, Болгария, Австралия, Корея, АҚШ мемлекеттерінен 14 000 мыңнан аса бала қатысқан. Айта кетсек, мұндай шара Қазақстанда алғаш ұйымдастырылып отыр.


Төлеш Қаудыров, әділқазылар алқасы төрағасы:


Бүгінгі сайыс бұрын елімізде болмаған. Халықтың іздеп тапқан өнертабыстары, өнертабыскерлігі, соны міне бала жасынан балаларға мектеп уақытынан осы интелектуалдық меншік туралы білімдерді кең таратуға арналған.

Зияткерлік сайыстың нәтижесі бойынша жүлдегерлер алтын, күміс және қола медальдармен мараппатталды. Сонымен қатар қатысушыларға Сырбай Мәуленов қоғамдық қоры атынан грамота табысталды.


Қасым Мәуленов, Сырбай Мәуленов атындағы қоғамдық қор директоры:


Бір қызымыз финалға Мәскеуге барады. 21-27-ші сәуір аралығында Мәскеуде финал. ТМД елдерінен 12 бала қатысады. 1 балаға Ресейдің үкіметтік академиясынан грант беріледі.


Сайысқа еліміздің 14 облысынан 1246 бала қатысып, 10 оқушы ақтық мәреге жетті. Ал бірінші орынды қарағандылық озат олжалады.


Камилла Ярулина, зияткерлік меншік бойынша VI халықаралық олимпиаданың қазақстандық туры жеңімпазы:


Мен олимпиадаға бірнеше айлар бойы дайындалдым. Теорияны көп оқыдым. Сегізінші сыныптан бастап құқықтан олимпиадаға қатысып жүргендіктен, бұл зияткерлік сайыста маған жеңімпаз болуға ешқандай қиындық туған жоқ.


Камилла енді Ресейде 20-27 сәуір аралығында өтетін қорытынды білім додасында Қазақстанның намысын қорғайды.

Айман НҰРМАҒАНБЕТ