Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Астана төңірегінде қар суы қала тұрғындарын әбден әбігерге салып отыр

AstanaTV
31.03.2014ж. 20:00
1638
Астана төңірегінде қар суы қала тұрғындарын әбден әбігерге салып отыр

Астана төңірегінде қар суы қала тұрғындарын әбден әбігерге салып отыр. Есіл ауданына қарасты Ильинка кенті мен шаһардың кейбір орталық көшелері суға кетіп жатыр. Толығырақ Азамат Алдоңғаровтың материалында. 


Видите, люди как за водой ездят, на лошадях. Невозможно проехать.


Бұл алыс шалғайдағы көктем сайын қар суымен арпалысатын ауыл емес. Астананың іргесіндегі Ильинка кенті. Тұрғындардың айтуынша, су сырттан сенбі күннен бастап келе бастаған. Ауыл шетіндегі үйлерді басып, шығыс Ильинка аталатын шағын ауданның орталық көшелерін көлдетті.


Шоқан Жетпісбаев:


Міне екінші күн су басып жатыр. Су қайдан екенін, Алла білсін, келіп жатыр, келіп жатыр, азаймайды су. Енді білмейміз кімге сенетінімізді, сіздер түсіріп, бірнәрсе болмаса.


Ләззат Сапақова:


Ешкімге керек жоқпыз. Астанада тұрамыз, Есіл ауданы. Масқара не жұмысқа өте алмаймыз, қалаға жатамыз.


Ерболдың бала-шағасы Астанаға қатынап оқиды. Бүгін балаларымды көлікке дейін арқалап апардым дейді. Толассыз келген тасқын су үйінің іргетасын шайып, қабырғасын сөгіп кеткен. Қала мен елді мекеннің арақатынасын үзген су - қар суы емес дейді ол.


Ербол Сапақов:


Бұндай су бұрын болмаған. Биыл Астана тазалық барлық қарды тазартты. Аула, көше кебулі жатқан. Шамасы бір жерде су құбыры жарылған болар. Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлассақ, әкімшілікке сілтейді, әкімшілік тасқын су комиссиясына хабарласыңдар дейді. Ұршықша иіреді әйтеуір.


Судың пайда болу себептері мен атқарылып жатқан іс-шаралар жайында ақпар алу үшін Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалдық. Ведомствоның ресми өкілі аталмыш аумақта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Алайда тасқын су толастар емес.


Аягөз Фазылова, Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:


19 ақпаннан 12 наурыз аралығында Төтенше жағдайлар департаментімен 3 өткел көтерілді, жеке тұрғын үйлер аумағына 1288 тонна топырақ төселді, 12 мың шаршы метр қар шығарылды, 15 380 тонна су сорылды. Апат орнынан 6 адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Қала орталығындағы Сейфуллин даңғылы бойындағы 188-ші деп аталатын көше де көлдеп жатыр. Қыс бойы қарды күректеп те, көліктеп те тазартатын көшенің неліктен суға белшесінен батқаны белгісіз. Жақын маңайда тұратындар балақтарын түріп тастап су кешуде.


Азамат Бекпаев:


Аяқ алып жүру мүмкін емес. Мына жердің сазынан өте алмайсың, айналып өтуге немесе басқа аялдамаға шығуға тура келеді. Келіп суын сорып, тазартып жатқан жан көрмедім бұл жерден.


Дархан Боранбаев, Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы басшысының орынбасары:


Бұл қардың суы емес, күннің жылуына байланысты Сарыбұлақтан су келіп жатыр. Бұл мына Астана тазалық қызмет көрсетіп отырған, соны сорып үлгермей жатыр қазір.


Коммуналдық мекемелер тасқын судың сұрауын кім берерін анықтағанша, қараша жұрт лай сумен алысып әлек. Және бұл камера назарына іліккен көп көшелердің бірі ғана.

 
Азамат АЛДОҢҒАРОВ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық