Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

AstanaTV
01.04.2014ж. 10:00
2179
Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

Бүгіннен бастап Қазақстанда зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті. Мемлекет басшысы - Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңнамалық түзетулер сәйкес зейнетақы мөлшері өсуінің жалпы көлемі 14%-ды құрайды.

Базалық зейнетақы 12%-ға өсіп, 10450 теңгеге жетеді. Еңбек зейнетақысының орташа мөлшері 14%ға артып, 46 661 теңгеге дейін өседі. Мүгедектікке байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері орташа есеппен 21 323 теңгені, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер - 19 804 теңге, жасына байланысты төлемдер - 10 450 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, аса зиянды жұмыста істеген азаматтар да жәрдемақының артқанын сезінеді. Азаматтық қызметкерлердің еңбекақысы 10%-ға арттырылады.

Илхам ИБРАГИМ