Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Елімізде банкрот жайттар жіті тексерілмек

AstanaTV
01.04.2014ж. 10:00
1222
Елімізде банкрот жайттар жіті тексерілмек

Қазақстанда банкрот жайттар жіті тексерілмек. Былтыр жалған және қасақана банкроттық фактілері бойынша 132 іс қозғалған. Бұл туралы Салық комитеті төрағасының орынбасары Нұрила Үсенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 73 борышкерге қатысты қылмыстық іс банкроттық оңалту мүмкіндігі жоқ болғандықтан тоқтатылған. Ал 37 банкрот кәсіпорын жетекшісі сот шешімімен 3,3 миллиард теңге көлемінде материалдық залал өтеуге міндеттелген.

Нұрила Үсенова, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары:

Өткен жылы таратылу үстіндегі 110 банкроттан 2,9 млрд теңге көлеміндегі жалақы берешегі өндірілді. Бұл жалпы жалақы берешегінің 80%-зын құрайды. Жалпы, елімізде салық төлеуден бас тарту, жалған банкроттық фактілері жиілеп кетті. 2013 жылы екі мыңнан астамы тіркелген. Ендігі ретте қабылданған жаңа заң жобасы бұндай келеңсіздіктердің алдын алуға септігін тигізбек.

Жұрағат БАМАН