$540.87 €632.01 ₽6.76
×

Оңтүстік Қазақстанда героин сатқан зейнеткер ұсталды

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
Оңтүстік Қазақстанда героин сатқан зейнеткер ұсталды

Оңтүстік қазақстандық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі  айналымына тосқауыл қойды. Төлеби ауданында ұйымдасқан қылмыстық топ 5 келі героинды сату кезінде құрықталды. Ұсталған үшеудің бірі - зейнет жасындағы әйел. Топтың құрамында оның қырық жастағы ұлы да бар. Олардың үйін тінту кезінде  скотчпен маталған заттар алынды. Сараптама нәтижесі олардың героин екенін анықтап берді. Қара нарықтағы құны 80 млн теңгеге жуықтайтын көрінеді.

Бұл жыл басынан бері тіркелген ең ірі көлемдегі есірткі фактісі. Күдікті әйел мен баласы бұған дейін де осыған ұқсас қылмысымен сотталған. Он және сегіз жылға бас бостандығынан айырылған олар былтыр ғана түрмеден шығыпты.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда олар қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр сотқа дейінгі. Полиция қызметкерлерімен қандай жолмен бұл осындай ірі  мөлшерде героин, есірткі заты Төлеби ауданына келгені анықталып жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ