Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

СІМ Сырым Шалабаевқа баспана берген Литваға нота жолдады

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
1549
СІМ Сырым Шалабаевқа баспана берген Литваға нота жолдады

Еліміздің сыртқы істер министрлігі «БТА Банктің» экс-басшысы Мұхтар Әблязовтің балдызына баспана берген Литваға нота жолдады. Мұны ведомствоның баспасөз хатшысы растап отыр. Алайда, Ануар Жайнақов ресми құжаттың мазмұнын айтуға асықпады.

Соңғы екі жылда Интерпол тарапынан халықаралық іздеуде жүрген Сырым Шалабаев өткен жылдың  шілдесінде Литва астанасында ұсталған. Вильнюс аумақтық соты Шалабаевты экстрадициялау мәселесі қаралғанға дейін оны үш ай қамауда ұстауға шешім шығарды. Қазақстан тарапы  оны «БТА Банктің» мүлкін жымқырып, талан-таражға салды әрі заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастырды» деп айыптап отыр. Ол мұны Мұхтар Әблязов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасаған.

Айта өтейік, 2011 жылы  Ұлыбритания соты «Әблязов ісін» қарау кезінде тексеру жұмыстарына жәрдем бермегені және сот үкімін сыйламағаны үшін Сырым Шалабаевты 18 айға қамау туралы сырттай үкім шығарған.

Ануар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

МИД РК действительно направило ноту в МИД Литвы, но не в наших правилах раскрывать содержание переписки. Между тем, как известно, Сырым Шалабаев рыазскивается правоохранительными органами Казахстана и Украины. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА