$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда туберкулезге шалдыққан ұстазға қатысты дау өршіп кетті

AstanaTV
08.04.2014ж. 10:00
1356
Атырауда туберкулезге шалдыққан ұстазға қатысты дау өршіп кетті

Атыраудағы №27-ші Исатай Тайманов атындағы орта мектептің ата-аналары мектепке жиналды. Олар білім ошағының карантинге жабылып, толықтай заласыздандырылуын талап етуде. Сондай-ақ, мектептен туберкулездің ашық түрі шыққанын басшылық жасырып келді деп кінәлайды.

Еске салайық, аталған білім ордасының психологы өкпе дертінің ашық түріне шалдыққан. Қазір ол арнайы мекемеде ем қабылдап жатыр. Оның дертке шалдыққаны кезекті медициналық тексеріс кезінде белгілі болған. Басшылық психолог ұстаздың жыл сайын тексерістен өтіп отырғанын айтады. Бірақ, балаларына алаңдаған ата-аналар жағдайды түсіндірмек болып жиылған құзырлы орган мамандарының сөзіне құлақ аспады.

Санэпидемстанцияны кінәлау керек. Барлық жақтан сигнал түсіп жатыр. Олар отыр, бәрі жақсы, болды, он күннен кейін бұлар енді ұйқысынан оянады, сонда да, міне ата-аналар, бәріміз жанымыз шығып жатыр.

Сіздер түсініңіздер, біздің бауыр етіміз баламыз оқып жатыр бұл жерде. Баламыз үйге келгенде үйде құттай баламыз бар, солармен байланыста болып жатыр. Сондықтан, біз жанұямызды сақтап қалу үшін осы жағдайға келіп отырмыз. Наурызда өткен балалар. Енді ол сол уақыттан бері жұққан шығар балаларға. Енді ол балаларды қайдан табамыз. Енді олар мектепке келіп, тағы бір-біріне жұқтыра ма?

Мамандар болса, дизенфекция жұмыстары жүргізілгенін ескертіп, еш қауіптенудің себебі жоқ деп, сабырға шақырды. Оқу процесінің де тоқтатылмайтынын айтты. Іске қалалық прокуратура мамандары араласты. Олар аталған мектептегі осы бағытта жүргізілген жұмыстарды тексеруді бастап кетті.

Жалғас Кейкешев, Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі:

Тексеру жүргізілуде №27 мектептің қызметіне. Тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша міндетті түрде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Базаргүл ІЗІМОВА