$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шығыс Қазақстанда су тоғандарын бекіту жұмыстары қолға алынды

AstanaTV
08.04.2014ж. 20:00
1489
Шығыс Қазақстанда су тоғандарын бекіту жұмыстары қолға алынды

Шығыс Қазақстанда су тоғандарын бекіту жұмыстары қолға алынды. Қарағанды облысындағыдай қайғылы жағдайды болдырмау үшін, сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, дамбаларды күрделі жөндеуден өткізу көзделуде.

Сондай-ақ өңірде жеке меншіктегі су бөгеттерін мемлекет қарамағына қайтару ісі де қолға алынды. Бүгінгі таңда өңірдегі 102 су қоймасы мемлекет қарамағына өткен. Облыстық бюджеттен 480 миллион теңге бөлініп, осы жазда 20 дамба жөндеуден өткізілмек.

Александр Лукин, «Шығыс су қоймалары» ММ басшысы:

"Көкпекті" су қоймасындағы жағдайды болдырмау үшін, су бөгеттерін уақтылы күрделі жөндеуден өткізіп отыру шарт. Дамбалар ертеректе тұрғызылғандықтан, бүгінде көбінің тозығы жеткен. Сондықтан оларды қатаң бақылауға алып, қадағаламаса болмайды.

Қанат ОРАЛБЕК