$479.05 €534.57 ₽5.17
×

7 мамыр күні Астанада «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді

AstanaTV
09.04.2014ж. 13:00
1747
7 мамыр күні Астанада «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді

7 мамырда Астанада «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған Әскери шеру өтеді.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек,{шараға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық ұланның құрылымдары, сондай-ақ, әскери техника мен авиация тартылады. Жаяу әскери легіне 2 мыңға жуық сарбаз, оның ішінде Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1500 адам қатысады. Әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды.

Сондай-ақ, парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатысады. Салтанатты шеруге дайындық 14 сәуірден басталады.