$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Эдвард Сноуден: АҚШ қауіпсіздік агенттігі құқық қорғау ұйымдарын да аңдыған

AstanaTV
09.04.2014ж. 20:00
772
Эдвард Сноуден: АҚШ қауіпсіздік агенттігі құқық қорғау ұйымдарын да аңдыған

Эдвард Сноуден тағы бір тың деректің шетін шығарды. Құрама Штаттардың қауіпсіздік агенттігі құқық қорғау ұйымдарын да аңдыған. Оның ішіне америкалық ұйымдар да бар. Экс-агент бұл туралы Мәскеуден Еурокеңестің парламенттік ассамблеясына бағыттаған бейнежолдауында мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық тыңшылардың терроризм мен экстремизмге қатысы жоқ саясаткерлердің басқан қадамын аңдығаны айтылған. Бұл мемлекеттер арасына сызат түсіргені де белгілі. АҚШ басшысы амалсыз ұлттық қауіпсіздік агенттігіне телефон арқылы тың тыңдауға тиым салды. Бірақ Сноуден аңдуға іліккендер туралы жаңа деректер жариялауды жалғастыруда. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ