$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қытай билігі Америка Құрама Штаттарына наразылық білдіруде

AstanaTV
10.04.2014ж. 10:00
1274
Қытай билігі Америка Құрама Штаттарына наразылық білдіруде

Қытай билігі Америка Құрама Штаттарына наразылық білдіруде. Қорғаныс министрі Чак Хейгелдің Жапония сапарында айтқан мәлімдемесін Бейжің жауапсыз қалдырмады.

Қытай халық республикасы тарапынан Орталық әскери одақ төрағасы Фань Чанлун ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «министр Хейгелдің айтқан сөзі тым батыл» шықты. Оған қытайлықтар ашулы екенін де жеткізді. Сондай-ақ, қытай тарапы АҚШ-тың қорғаныс министріне Әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағын жасау туралы сынын еске салды. Шығыс-Қытай өзенінде салынуы тиіс аймаққа қатысты АҚШ жариялаған қол сұқпаушылық позициясын еске түсірді.

Бұдан бөлек, Қытайдың әскери жетекшісі Вашингтонға Тайваньда болып жатқан ахуалға араласпауын ескертті. Аралға қару-жарақ тасымалдауды тоқтатуы тиіс екенін америкалық саясаткердің есіне салды.

Еске салайық, АҚШ-тың қорғаныс министрі Чак Хейгел бірнеше күн бұрын Қытайға қатаң ескерту жасаған. Көрші мемлекеттердің құқығына қол сұқты деп айыптаған. Мұндай келеңсіздік Оңтүстік-Қытай өзенінде орналасқан, Жапонияға тиесілі Сенкаку аралына байланысты пайда болды.

Сымбат МОЛДАТАЙ