$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Астанада экономикалық реформа комитетінің басқосуы өтті

AstanaTV
10.04.2014ж. 10:00
776
Астанада экономикалық реформа комитетінің басқосуы өтті

Мәжілісте «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» жаңа заң жобасының тұсауы кесілді. Құжатты таныстырған Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев бұған дейінгі кемшін тұстар толықтай ескерілді деп сендіреді.

Ведомство мен кәсіпкерлер палатасы бірлесе жасаған заң үш бөліктен тұрады. Оның ішіне «Лицензиялау туралы» заң жобасы да бар. Бұл бөлік қайта қаралып, толықтырылды. Заң жобасына қосымша 736 құжат енгізілген, соның ішінде 703 рұқсат және 33 хабарлама.

Болат Жәмішев
, ҚР Өңірлік даму министрі:

Заң жобасын қысқа уақытта дайындау міндеті алға қойылды. Сондықтан, шұғыл кірісіп отырмыз. Заңның негізгі артықшылығы негізсіз жаңа рұқсаттар мен хабарламаларды енгізуге тосқауыл қоятындығында.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА