$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Астанада жол ақысы қымбаттауы мүмкін

AstanaTV
10.04.2014ж. 10:00
1302
Астанада жол ақысы қымбаттауы мүмкін

Астанада жол ақысы қымбаттауы мүмкін. Болжам бойынша, қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың жаңа құны 80 теңге, дегенмен әзірге нақты ақпарат жоқ. Бұл туралы "Қазтаг" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкім орынбасары Қанат Сұлтанбековтың мәлімдеуінше, жолақы құны жанар-жағармайдың бағасына тікелей байланысты. Қазір есеп жүргізіліп жатыр. «Соңғы алты жылда орташа айлықтың мөлшері де артты дейді», - әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, соңғы рет жолақы өсімі 2008-жылы болған. Қазіргі кезде қалалық автобустарда жолақы бағасы 60 теңге, ал маршруттық көліктерде - 65 теңгеге тең. "Жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары" басқармасы бұған дейін оның құны 80 теңгеге өсетінін хабарлаған. Өткен жылдың 1-қарашасынан бастап жол билеттері де қымбаттады. 28,9%, ал балаларға арналған жол билетінің бағасы бірден 50%-ға артқан.

Сымбат МОЛДАТАЙ