$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Бір белоруссиялық, төрт ресейлік компаниядан Қазақстан сапасыз тауық етін сатып алмайды

AstanaTV
11.04.2014ж. 10:00
1047
Бір белоруссиялық, төрт ресейлік компаниядан Қазақстан сапасыз тауық етін сатып алмайды

Сапасыз тауық етіне Қазақстан нарығына жол жоқ. Құрамына су қосып, әккі жолмен ақша табуға тырысқан бір белоруссиялық, төрт ресейлік компаниядан Қазақстан енді тауық етін сатып алмайды. Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау мемлекеттік агенттігі хабарлайды.

Заңды өрескел бұзған белоруссиялық "Смолевичи Бройлер" ашық акционерлік қоғамы мен Ресейдің тауық етін өндіретін "Присколье" және "Майкопский птицекомбинат" компаниялары. Санитарлық- эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде еттегі су мөлшері тиісті деңгейден 3 есеге арттырылғаны анықталды. Мемлекеттік тіл мәселесі де тексеріс кезінде назардан тыс қалдырылмады.

Қазақ тілінде анықтама жазбағаны үшін енді Ресейдің үш бірдей компаниясынан тауық етін сатып алу тоқтатылды. Олар - "Курский Агрохолдинг", "Урал Бизнес" және "Майкопский птицекомбинат" қауымдастығы.

Сондай-ақ "Смолевичи Бройлер" және "Приосколье" өнімінен сальмонелла бактериясы анықталды. Қазақстан тарапы жасаған ескертулер Белоруссия мен Ресейге жөнелтілді. Айта кетейік, тауық етін Қазақстан аумағына енгізбеу туралы шектеу 28 наурыздан бастап іске асуда.

Сымбат МОЛДАТАЙ