$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда Қазақстан ғалымдары кезекті басқосуында атқарылған жұмысты қорытындылады

AstanaTV
14.04.2014ж. 13:00
1004
Алматыда Қазақстан ғалымдары кезекті басқосуында атқарылған жұмысты қорытындылады

Алматыда Ғылым қызметкерлері күніне орай сала мамандарының басқосуы өтті. Жиында отандық ғылым жетістіктері мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын жүзеге асырудағы ғалымдарымыздың қосар үлесі пысықталды.

Соңғы жылдары аталмыш саланы қаржыландырумен қатар әлемдік ғылыми кеңістіктегі қазақстандық оқымыстылардың белсенділігі де артқан. Түрлі ғылыми баспа беттерінде жарық көрген мақалалар саны 2011 жылмен салыстырғанда, өткен жылда екі есеге артып, 1874 жарияланымды құрады.

Сонымен қатар, жетекші шет елдермен екі жақты ғылыми-техникалық серіктестік орнатылып, тәжірибе алмасу жүйесі бір қалыпқа келген. Сондай-ақ, қазіргі таңда ҚР Президентінің тапсырмасымен ғылыми жаңалық пен инновацияны қолдайтын Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.