$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Велоспорттан «Каталония туры» мәресіне жетті

AstanaTV
14.04.2014ж. 13:00
994
Велоспорттан «Каталония туры» мәресіне жетті

Велоспорттан «Каталония туры» мәресіне жетті. Бір аптаға созылған жарыста алдына жан салмаған Испания спортшысы - Альберто Контадор жеңіске жетті. «Астана» клубының атынан сынға түскен Микеле Ланда жалпы есепте 14-ші сатыға тұрақтады. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады.

Велоспорттан «Париж-Рубе» жарысы аяқталды. Бір ғасырдан артық тарихы бар бүркүндікте Голландия спортшысы Ники Терпстра жеңіске жетті. 257 шақырымнан тұратын жарыс жолын «Омега Фарма» клубының өкілі 6 сағат 9 минутта бағындырды. Жеңімпаздан 20 секундқа қалып қойған Германия спортшысы Йон Дегенкольб екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны швейцариялық Фабиан Канчелара еншіледі.

«Астана» командасының спортшылары бұл бәсекеде үздік қатарынан көріне алмады. Елордалық клубтың атынан сынға түскен словениялық Борут Божич чемпионға 3 минут уақыт ұтылып, 40-шы орынға жайғасты.

Қазақстандық команданың қалған спортшыларына келсек, Дмитрий Грудев, Руслав Тлеубаев, Даниил Фоминых және Валентин Иглинский алғашқы жүз спортшының сыртында қалды.



«Фейенорд» командасы кезекті жеңісін тойлады. Голландия чемпионатының 32-ші турында «ПСВ Эйндховен» клубына қонаққа барған Рональд Куманның шәкірттері үш ұпайды олжалады. Бұл ойындағы алғашқы голды «Фейенорд» футболшылары бірінші таймның ортасына қарай соқты. Голдың авторы - Иорис Матайсен.

Бұл голдан кейін қанаттанған қонақтар үзілістен кейін есепті еследі. Бұл сәтте алаң иелері қорғаушыларының қателігін ұрымтал пайдаланған Дэрил Янмат командаластарының қошеметіне бөленді. Бұл жетістігінен кейін кейін Рональд Куманның шәкірттері турнир кестесінде көш бастап тұрған «Аякс» клубына тағы бір табан жақындады.

Самат ҚАНАҒАТОВ