Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Орталық сайлау комиссиясына өңірлердің белсенділігі туралы келіп түскен деректер уақыт санап өзгеруде

AstanaTV
20.03.2016ж. 17:00
2032
Орталық сайлау комиссиясына өңірлердің белсенділігі туралы келіп түскен деректер уақыт санап өзгеруде

Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынан ақпарат таратуды жалғастырамыз. Орталық сайлау комиссиясына өңірлердің белсенділігі туралы келіп түскен деректер уақыт санап өзгеруде. Бұл мәліметтермен бізді Айгүл Әдепбай таныстаруға әзір тұр. Орталық сайлау комиссиямен тікелей байланысқа шығатын тілшімізге құлақ түрелік. Айгүл, ең белсенді өңірлер жайлы ақпаратыңмен бөліссең.

Айгүл Әдепбай, тілші: 

Иә, Оксана, амансыз ба. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Алматы облысы көш бастап тұр. Ал Алматы қаласы белсенділігі төмен өңірлердің басында. "Астана" телеарнасы сайлау барысын жіті бақылап, соңғы жаңалықтарды осы уақытқа дейін шұғыл жеткізіп келді. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында жұмыс қызып жатыр. Бұл жерде отандықты айтпағанда, шетелден келген 150-ге жуық журналист жан-жаққа хабар тарату үстінде. Дауыс беру науқанына қатысты мәліметті орталық сайлау комиссиясының мүшелері әрбір екі сағат сайын брифингте хабарлап отыр. Қазір де соңғы жаңалықтарды Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ляззат Сүлеймен айтуға дайын. Ляззат Жаңылысқызы, қазіргі көрсеткіштер қандай?

Айгүл Әдепбай, тілші: 

Ақпаратыңызға рахмет, бұл Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен болды. Ал мен  еліміз бойынша 9840 сайлау учаскесінің жұмыс істеп жатқанын еске саламын. Мерзімінен бұрын өтіп жатқан Мәжіліс депутаттарын сайлауға 9 млн аса, ал барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына дауыс беру үшін 18 млн-нан аса бюллетень дайындалды. Сайлауды 817 халықаралық байқаушы назарына алған. Оксана. 

Айгүл, байқаушылар тарапынан тіркелген күрделі заң бұзушылықтар болды ма?

Айгүл Әдепбай, тілші:  

Оксана, қандай да бір салмақты заң бұзушылықтар туралы мәлімет жоқ. Қайта байқаушылар халықтың нөпіріне таң қалып жатыр. Мысалы, байқаушы ретінде келген Ресей думасының депутаты Иосиф Кобзон бізде мұндай кезек жоқ деп өкінішін де білдірген. Орталық сайлау комиссиясында брифинг берген Үндістан, Украина, Қырғызстан, Эстония сынды бірқатар елдің байқаушылары сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып жатыр. Қазір Татарстан орталық сайлау комиссиясының төрағасының айтқанын тыңдап көрсек.

Эзкам Ғұбайдуллин, Татарстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау барысы Қазақстан Республикасы заңына сай ұйымдастырылған. Адамдардың көтеріңкі көңіл-күймен дауыс беріп жатқанын көрдім. Қазақстанда халық белсенділігін дәстүрлі деуге болады.

Рахмет, Айгүл, Орталық сайлау комиссиясынан тікелей қосылған әріптесім Айгүл Әдепбай болатын.