$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қытай Қазақстандағы қара алтын өндірудегі позициясын күшейте түспек

AstanaTV
15.04.2014ж. 20:00
990
Қытай Қазақстандағы қара алтын өндірудегі позициясын күшейте түспек

"Лукойл" Investment Resources Ltd жобасындағы 50% үлесін қытайлық Sinopec-ке сатады. Осылайша Қытай Қазақстандағы қара алтын өндірудегі позициясын күшейте түспек. Бүгін «Лукойл» президенті Вагит Алекперов тиісті құжаттарға қол қойды. Акционерлік қоғамның баспасөз қызметі тартаққан мәліметіне сай, мәміле құны 1200 миллион доллар. Алайда келісім толықтай жасасқанға дейін сома өзгеруі мүмкін.

Айта өтейік, Caspian Investment Resources Ltd бірқатар кәсіпорындармен ықпалдастық етіп Қазақстанда 4 бірдей кен көзін игеру жобаларына қатысады. 2013 жылы ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының аталмыш жобалардағы үлесі мұнай эквивалентімен 10,2 баррельге жеткен. Алекперовтың айтуынша, "Лукойл" өз үлесін шетелдік активтерін оңтайландыру сатып отыр.

"Енді Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары мақұлдаса, келісім 2014 жылдың соңына қарай аяқталады", - дейді компания президенті. "Дегенмен "Лукойл" - Кұмкөл, Қарашығанақ, Теңіз жобаларынан шыққан жоқ. Біз Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымызды үзбейміз. Осы елде инвестициямызды арттыруға ниеттіміз. Компания қаражатын геологиялық барлау саласына көптеп жұмсамақ, Қазақстандағы Каспий теңізін де зерттеуге ниеттіміз бар", - деді "Лукойл" басшысы.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА