Шымкент түбінде болған ұшақ апатында қаза тапқан әскерилердің отбасылары сақтандыру өтемақысын алатын болды. Астанадағы Сарыарқа аудандық соты осындай шешім шығарды. Апатқа байланысты сақтандыру компаниясынан төленген 1 миллиард теңгеден астам ақша қара жамылған отбасыларға берілуі керек. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әрбір отбасыға 57 миллион теңгеден астам қаражат беруі тиіс.
Еске
салсақ, жеті экипаж мүшесі мен 19 әскери мінген шекара қызметінің ұшағы 2012
жылы Шымкент маңында құлаған. Содан бері 4 жыл өтсе де, жетім қалған 57 бала
мен жесір қалған аналар тиісті өтемақысын ала алмай жүр еді. Бүгін сот бұл іске
нүкте қойғанымен, жақынынан айрылғандар қаржыны оңайлықпен ала алмаймыз ба деп
қауіптенеді.
Райса
Ниязова, қаза тапқан офицердің анасы:
Қаржы
министрлігінің заңгерлері істі Жоғарғы сотқа дейін апаратынын айтқан еді. Жетім
қалған балалар мен жанары жасқа толған жесір әйелдерді далада қалдырмас. Қаза
болғандар отаны үшін өмірін берген офицерлер еді.