$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жеңіс күні қарсаңында батырларға арналған кітаптың тұсауы кесілді

AstanaTV
06.05.2016ж. 20:00
1410
Жеңіс күні қарсаңында батырларға арналған кітаптың тұсауы кесілді

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында екі томдық кітап жарық көрді. Онда соғыста ерлік көрсетіп «Кеңес Одағының Батыры» атанған отандастарымыздың өмірбаяны топтастырылған. Екі жылғы ізденістен соң, кітап қаһармандар туралы жаңа деректермен толыққан. Тізімге Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атанған азаматтар да еніп отыр.

Екі томдық жинақта барлығы 615 адам туралы мәлімет бар. Туынды кітапханаларға, мектептерге, мемлекеттік ұйымдар мен ардагерлерге тегін үлестіріледі. Мәліметтердің дені орыс тілінде болғандықтан, басылым ресми тілде жарық көрді. Алдағы жылы қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары оқырманға жол тартпақ.

Қайыммұнар Табеев, «Нұр Отан» партиясы АҚФ баспасөз хатшысы:

Бұл кітаптың тарихи маңызы зор. Ол тарих үшін, келешек ұрпақ үшін партиоттық тәрбиеге қажетті. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ