$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Нұрлан Ерімбетов: Кәсіпкерлер қаржыларын отандық өндіріске бағыттағаны дұрыс

AstanaTV
15.04.2014ж. 20:00
802
Нұрлан Ерімбетов: Кәсіпкерлер қаржыларын отандық өндіріске бағыттағаны дұрыс

Капиталға жасалатын рақымшылыққа орай кәсіпкерлердің Үкіметке, банктерге деген сенімі артуы тиіс. "Сөйтіп қаржыларын отандық өндіріске бағыттағаны дұрыс", - деді саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ал жоғарғы оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың айтуынша, елімізге 120 млрд доллар инвестиция келсе, отандық кәсіпкерлердің қаржысы сол сомаға пара-пар келіп қалды. Бұған қоса ол Қазақстан халқына ақшаны несие мен мүлікке жұмсағанша, құнды қағаздарға салуға кеңес берді. "Жұрттың тұтыну психологиясын өзгерту керек", - дейді Алшанов. 

Рахман Алшанов, ҚР ЖОО қауымдастығының президенті:

Біздің психология тұтыну. Тұтыну психологиясы. Ал инвестицияға, мініп жүргендеріне, бір цех салу керек. Ал біз цех салмаймыз. Машина аламыз да, көрдің бе мен джиппен келдім дегендей. Сол сияқты психологияны өзгерту керек. Елбасының айтып отырғаны біздің халықты инвесторлардан бастап өзгертуіміз керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ