$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген дуадақтар еркіндікке жіберілді

AstanaTV
16.04.2014ж. 10:00
1886
Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген дуадақтар еркіндікке жіберілді

Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген дуадақтар еркіндікке жіберілді. Даланың ерке құстары Біріккен Араб Әмірлігінде арнайы тұқымбақта өсірілген.

Екі мыңға жуық дуадақ Оңтүстіктегі Қызылқұм өңірі мен бетпақдалаға ұшырылды. Бұдан бөлек сұлу қанаттылар Маңғыстау өңіріне де жіберілді. Бұл дуадақтың «Жиек» деген түрі. Табиғат қорықшылары мен ғалымдар тұқымы құрып бара жатқан дала құсын осылайша көбейтпек ниетте.

Айта кетейік, жылдар бойы тәжірибе жасаған мамандар құстарды дәл қазіргі уақытта еркіндікке жіберуді тиімді санайды. Өйткені, құстардың қазір жұмыртқа басып шығаратын кезі. Әрі балапаны тез жетіліп үлгеретінін айтады. Бұған дейін де дуадақтар бетпақдалаға ұшырылған. Бірақ мұншалық көп көлемде алғаш жіберуілері екен.

Мамандар ерке құстар оңтүстік жеріне тез бейімделіп кететініне сенімді. Құстардың қай жақтарға ұшып, қай жерге аялдағаны Әбу-Дабидегі арнайы орталық арқылы бақыланып отырады. Бұл үшін құстардың әрқайсысына спутниктік радиоқабылдағыш бекітіліпті. Олар дуадақтардың тіршілік етуіне еш кедергі болмайды дейді мамандар.

Ив Ангра, дуадақтарды қорғау жөніндегі мекеменің менеджер-экологы:

Келіп түскен мәлімет арқылы құс жолының картасы жасалады. Оңтүстікке қанша құс бейімделіп, тіршілікке үйренгенін де біліп отырамыз. Бір қуантатыны
, Азия дуадақтарының басым бөлігі Қазақстанда өсіп, көбейеді. Бұған ұзақ жылдар бойы жүргізілген тәжірибеден көзіміз жетті. Сондықтан, бұл құс қолда өсірілгеніне қарамастан, табиғи жағдайда қазақ даласында көбейгенін құп көреміз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ