$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Кореяда суға батып кеткен кеменің 400-ден астам жолаушысының тағдыры белгісіз

AstanaTV
17.04.2014ж. 10:00
1409
Кореяда суға батып кеткен кеменің 400-ден астам жолаушысының тағдыры белгісіз

"Түгелдей суға батып кеткен кеменің бортында тірі қалған адамдар бар". Паромда болған балалардың бірінің әкесі осылай деп хабарлады. Ол өз баласынан смс-хат алған. Хабарламада кемеде бір неше адамның қалып қойғаны айтылып, көмек сұраған.

Айта өтейік, Оңтүстік Кореяда бортында 400-ден астам адам бар кеме суға батып кетті. 180 адамды құтқару мүмкін болған. Өзгелерінің тағдыры белгісіз. Өйткені алып кеме түгелдей суға кетті. Кемеде болғандардың басым бөлігі - оқушылар мен мұғалімдер. Олар Чеджу аралына 4 күндік сапарға аттанған екен.

Алдын ала болжам бойынша, кеме су астындағы тасқа соғылған. Тірі жандардың бар екені белгілі болған сәттен 18 тікұшақ құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.

Илхам ИБРАГИМ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық