$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Өскемендік зейнеттегі кеншілер зейнетақыны көтеруді талап етуде

AstanaTV
17.04.2014ж. 10:00
1342
Өскемендік зейнеттегі кеншілер зейнетақыны көтеруді талап етуде

Зырян қаласының бұрынғы кеншілері, зейнетке 1998-жылға дейін шыққан азаматтар зейнетақыларын көтеру туралы талап қойып отыр. Біздің арнаның журналистеріне жүгінген олар Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі бұл өтінішіне құлақ асады, деп үміттенеді.

30 жылдан астам жер астында еңбек еткен кеншілердің бүгінде алатын зейнетақы көлемі небәрі 17 мың теңге. Өмір бойғы ауыр еңбек үшін мемлекет тарапынан төленетін зейнетақының мұнша аздығына ашынады. Жиырма мыңға да жетпейтін зейнетақыға не тамақ, не дәрі-дәрмек аларымызды білмейміз, - дейді күйінген қариялар.

Сергей Сутенко
, Зырян қаласының тұрғыны, зейнеткер:

Бұл әділетсіз. 30 жылғы ауыр еңбек үшін зейнетақының мұнша аз төленуі қорлықпен тең, тіпті.

Николай Огнев, Зырян қаласының тұрғыны, зейнеткер:

Бізге төленетін қайыршының зейнетақысымен не емделе алмаймыз, не тамаққа жетпейді. Өмір бойы жер астында еңбек еттік. Сонда мемлекеттің бізге деген қамқорлығы осы ма? Мемлекет басындағы азаматтар біздің жағдайымызды естісе екен.

Ардагерлер депутаттар мен шенеуніктерден кеншілердің зейнеатқысын қайта қарауды ұсынып отыр. Бұл үшін арнайы жұмыс тобын құрайық деген ұсыныстары да бар. Мәселе байланысты «Астана» телеарнасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдады.

Қанат ОРАЛБЕК