$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-та халық арасында қару айналымын реттеуге 50 млн доллар жұмсалмақ

AstanaTV
17.04.2014ж. 13:00
997
АҚШ-та халық арасында қару айналымын реттеуге 50 млн доллар жұмсалмақ

Нью-Йорктың бұрыңғы мэрі Майкл Блумберг қару-жарақ қауіпсіздігінің қадағалануына биыл 50 миллион доллар жұмсамақ. Жаңа белсенді топтың ұраны - «Әр қалаға - қауіпсіз қару».

Саясаткер жақтастарымен бірге өз қадағалауына 15 штатты алады. Оның ішінде жақында қару-жараққа қатысты заңға өзгеріс еңгізген аймақтар мен заңы «жұмсақ» Техас, Монтана, Индиана сынды штаттар бар.

Блумбергтің сөзінше, ол ең алдымен аналар мен қыз-келіншектерге ден қояды. Халық бірінші кезекте мылтықтың ойыншық еместігін түсініп, қару ұстау тәртібін өздері қадағалаулары керек дейді. Америкада көпшілік арасында оқ ату фактілерін жиі болатын оқиға екенін ескерсек, бұл - қажет бастама.

Ең атышулы қайғылы оқиға Сэнди Хук қаласында болған, Адам Лэнца есімді азамат 26 адамды атып өлтірген-ді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ