$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қарағанды облысының Көкпекті кентінде «тазалық» бейсенбісі өтті

AstanaTV
18.04.2014ж. 10:00
1136
Қарағанды облысының Көкпекті кентінде «тазалық» бейсенбісі өтті

Қарағандылық ерікті студенттер Көкпекті кентіне келіп, тазалық шарасын ұйымдастырды. Ауылды су шайғалы екі апта өтсе де, қалыпқа келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Екі жүзге жуық еріктілер орталық көшені, саябақтар мен үй аулаларын тазалады. Олар ағаштардың түбін ақтап, шарбақтарды сырлады.

Айтуларынша, ауылдан 40 тоннадай күл-қоқыс шығарылған. Екі жүзге жуық техника жұмылдырылып, ауданның 33 ұйымы тазалау шарасына ат салысты. Келіп түскен әр өтінішке көмек қолын созған.

Айта кету керек, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері мұндай жәрдемді кент толықтай қалыпқа келгенше көрсете бермек. Өйткені, келген шығын көлемі әлі белгісіз. Арнайы комиссия жұмысы жалғасып жатыр.

Нұрсұлтан Шайменов, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ студенті:

Әрбір бос уақытымда келіп Көкпекті халқына көмектесіп жатырмын. Өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Мында мен ғана емес, группаластарым, менен төмен курстағы балалар бар. Көптеген студенттер келіп, өз үлесімізді қосып жатырмыз.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ