Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жер кодексіне қатысты президент шешімін көпшілік қолдайды

AstanaTV
06.05.2016ж. 20:00
1145
Жер кодексіне қатысты президент шешімін көпшілік қолдайды

Жер кодексіне қатысты президент шешімін көпшілік қолдайды. Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақордада жиын өткізіп, аталмыш заңның кейбір нормаларын қайта реттеу үшін бір жылға мораторий жариялайтынын айтқан. Осы мерзім ішінде халыққа түсіндіру жұмыстары жан-жақты жасалуы тиіс. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Әрбір біздің жасап жатқан реформалар немесе жаңа жүйелеріміздің бәрі, әрине, ол қоғамның келісімімен алып берілуі керек. Сондықтан қазіргі айтылған шешім қоғамның келісімге берілуін дұрыс деп ойлаймын.

Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы:

Жерді біз экономикалық айналымға жіберу мәселесіне келген уақытта негізінен заңнан аттаған жоқпыз. Заң шеңберінде болдық. Бірақ соның орындалуы барысында соны халыққа жеткізу мәселесі, меніңше, билік тарапынан бір қателіктер кеткенін байқадық. Елбасы осы тұрғыдан келгенде, меніңше, осы күннің тәртібіне дәлме дәл келетін шешімді қабылдады ғой деп ойлаймын. 

Құралай ПИОНЕР