Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ертістің суы соңғы 5 жылда айтарлықтай тазарды

AstanaTV
22.04.2014ж. 13:00
1478
Ертістің суы соңғы 5 жылда айтарлықтай тазарды

Ертіс өзенінің суы тазара түсті. Бұл жайында қазақстандық және омбылық мамандар хабарлап отыр. Соңғы бес жылғы бақылау жұмыстары судың «қатты ластанған» сатысынан жай ғана «ластанды» бағамына жеткенін көрсеткен. Соңғы алынған сынамаларда қауіпті элемент табылмаған.

Ғалымдардың айтуынша, Ертіс өзені суын бақылау 43 көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Жалпы ластаушы 31 затқа бақылау қойылған. Әсіресе, мамандарды судағы сынап көлемі алаңдатады. Өйткені, 2006-жылы суда мұнай өнімдері деңгейінің көтерілгені расталған. Бұл ресейлік және қазақстандық табиғатты қорғау қызметінің ең негізгі назарға алған мәселесі.

Айта кету керек, міне бірнеше жыл болды, судың ластану деңгейі төмендегені байқалуда. Екі елдің экологтары жыл сайын жиналып, күрделі түйткілді талқыға салады. Биылғы кездесуде қос мемлекеттің шекарасында бірлескен автоматтық гидрометеорологиялық және гидрохимиялық бекетті құру ұсынысы айтылды. Осылайша ғалымдар судың сапасын қадағалап қана қоймайды. Сонымен бірге, өзара әріптестік жұмысты нығайта түспек.

Қазымбек Баймағамбетов, Ертіс бассейн инспекциясы басшысының орынбасары:

Ертіс өзені бойында орналасқан Омбы және Павлодар облысындағы барлық кәсіпорындарда су қорғау аумақтарына қатысты іс-әрекеттер кешені бар. Сол шаралардың жұмыс істеуі Ертіс өзені суын ластану деңгейін төмендетті.