$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Алматыдағы емханалардың бірінде кеңес заманынан қалған мөрді пайдаланып келген

AstanaTV
18.04.2014ж. 20:00
1068
Алматыдағы емханалардың бірінде кеңес заманынан қалған мөрді пайдаланып келген

Алматыдағы емханалардың бірінде әлі күнге кеңес заманынан қалған мөрді пайдаланып келгені әшкере болды. Жоғарғы оқу орны студенттерінің өкпесін рентгенге түсіретін кабинет анықтаманы ескі мөрмен растайды. Олар үш бұрышты «Қазақ ССР» деген көне таңбаны оқу орын шәкірттерінің студенттік кітапшасының соңғы бетіне қымсынбастан қойып отырған.

Бұл әсіресе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінің тексеруден өтіп, емтиханға кіруіне рұқсат беретіндігін растайтын мөрдің орнына қолданылыпты. Тәуелсіздік алғалы бері 23 жыл өтсе де, көне мөрді айналыстан алмаған медициналық мекеме ағаттықты біздің арнаның тілшілерінен естіп білді. Ата Заңда «Егеменді мемлекет», Қазақстан Республикасы деп тайға таңба басқандай етіп жазылған.

Десе де емхана ұжымы неліктен осы күнге дейін Кеңес үкіметінен қалған мөрді пайдаланғанын түсіндіріп бере алмады. Тек алдағы күндері бұл мәселеге орай шара қолданатынын айтып ақталды.

Ләйла Иманғалиева, Алматы қаласы студенттік емханасының бас дәрігері:

Ол медициналық кабинетте КазГУ-дің де, біздің де дәрігерлер отырады. Бірақ біз бұл мәселені бүгіннен бастап қолға алып, университет ұжымына хат жазу арқылы айналыстан алудың қамын жасаймыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ