$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан мыс теңгелер көмбесі табылды.

AstanaTV
26.10.2015ж. 20:00
2433
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан мыс теңгелер көмбесі табылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында мыс теңгелердің көмбесі табылды. Архелогтар бұл қазынаның жер астында 300 жылдай жатқанын айтады. Көмбе Түркістан қаласы маңындағы көне Сауран қаласының орнында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде  табылған. Мыс тиындардың жалпы салмағы 25 келі. Мамандар  қазір тиындарды тазартуға кіріскен. Олар мұндай мол қордың бір жерден табылғанына таңданысын жасырмайды. Археологтардың болжамынша қолдан құйылған тиындар 17-ші ғасырдың соңында  қолданыста болған. Арасында Мәскеу сарайының бейнесі салынғандары да бар. Кілемшеге оралған қазынаны біреудің әдейі көміп қалдырған болуы мүмкін деген болжам бар. 

Айсұлу Ержігітова, ОҚО Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:
Орталық Азияға мыс теңгелер тапшы кезде арнайы әкелінген болуы мүмкін. Бұл ақшалар Ресеймен екі арадағы экономикалық байланыстың жақсы болғандығының бір дәлелі іспетті.

А.ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ