Қарағандыда Цезий-137 радиоактивті материалын ұрлап, сатпақ болған "Қазақмыс" корпорациясының қызметкерлеріне қатысты үкім шықты. "Жезқазғантүстіметалл" зауытының қызметкері қауіпті затты осыдан 20 жыл бұрын
қолды еткен. Сөйтіп оны көп жылдан кейін 250 мың долларға сатпақ болады. Алайда
құқық қорғаушылар оның жолын кескен.
Бақыт Ахметова, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы:
Алданазар Габдулы признать виновным по статье 247 ч. 2 УК РК и назначить
наказание сроком на 3 года с конфискацией имущества и отбыванием наказания в
колонии общего режима.
"Қазақмыс" қызметкерімен қоса, оған қолдау білдіріп, радиоактивті затты
сатуға тырысқан Жезқазғанның үш тұрғыны да сотты болды. Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің қызметкерлері сатып алушы ретінде келеді. Сөйтіп оңай олжаға
кенелмек болғандардың жолын кескен.
Айта өтейік, цезий - металлургия, медицина,
ғарыш және ядролық энергетикада қолданылатын қауіпті зат. Ол оңай жарылады.
Мәселен, Чернобыль атом электр стансасындағы апатта ауаға өте көп мөлшерде
тараған қауіпті заттың бірі осы цезий болатын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ