$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Сауд Арабиясы елінде короновирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны артты

AstanaTV
22.04.2014ж. 10:00
1552
Сауд Арабиясы елінде короновирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны артты

Сауд Арабиясы елде короновирус дертін жұқтырғандар санының артқаны жайында хабарлады. Тек соңғы апта ішінде олардың саны 49 адамға жеткен.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша, вирус жұққаны туралы жаңа деректер Джидда қаласында тіркеліпті. 14 сәуірден бері «таяу шығыстық короновирус» деп аталған жұқпалы ауруымен 37 адам ауруханаға түскен. Олардың жетеуі көз жұмды.

Сондай-ақ, 10 оқиға ел астанасы Эр-Риядта тіркелген бір жағдай қайғылы аяқталды. Сондай-ақ, ауру ошағы Медина мен Найран қалаларынан да байқалған. Елдің бас дәрігері Абдулла әл-Рабия кеселді жұқпалы аурулардың маусымдық өршуімен байланыстырып отыр. Алайда, министр жағдай қалыпты, елге келіп-кетуге шектеу енгізудің қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы шілдеде қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты миллиондаған туристерді қарсы алуға дайындалып отыр. Ал қазан айында Қажылық басталады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ