$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Оңтүстік Кореяда қаза болғандардың саны 87-ге жетті

AstanaTV
22.04.2014ж. 10:00
751
Оңтүстік Кореяда қаза болғандардың саны 87-ге жетті

Оңтүстік Корея президенті суға кеткен «Севоль» паромы экипажының әрекетіне «адам өлтіру» деген баға берді. БАҚ беттерінде экипаждың жағалау қызметімен хабарласқан таспасының мазмұны жарияланды.

Құтқарушылар оқиға орнынан 15 минуттық жерде болған көрінеді. Алайда эвакуация жөнінде бұйрық тым кеш берілген. Президент осы оқиғаға кінәлі адамдардың барлығы жазаға тартылу керек деп мәлімдеді. Оның ішінде елдің шенді тұлғалары да бар. Кемеден бірінші болып қашқан капитан мен экипаждың бірнеше мүшесі қамауға алынды.

Еске салайық, қайғылы оқиға сәуірдің 16 күні Оңтүстік Корея жағалауынан 20 шақырым жерде болды. Экипаж қателігінен кемеде болған 475 адамның 87-і көз жұмып, 215-і әлі күнге табылмай отыр.

Пак
Кын Хе, Оңтүстік Корея республикасының президенті:

Кеме капитаны мен кейбір экипаж мүшелерінің іс-әрекеті ақылға сыймайды. Бұл қасақана адам өлтіруге ұқсайды. Жеке бастарын ғана ойлайтын шенеуніктер енді үкіметтен қуылады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ