$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Парламент Мәжілісінің депутаттары "СК-Фармация" компаниясының мәселесін қарады

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
1219
Парламент Мәжілісінің депутаттары "СК-Фармация" компаниясының мәселесін қарады

Парламент Мәжілісінің депутаттары "СК-Фармация" компаниясының мәселесін "май шаммен" қарады. Дәрі-дәрмекпен қамтушы мекеме отандық өндірушілердің де алдында беделін түсіріп алса керек. Бүгін әлеуметтік даму комитетінің отырысы кезінде "ФармМедИндустрия» қауымдастығының директоры Серік Сұлтанов «СК-Фармация» отандық өндірісті аяқтан шалып отыр деп айыптады. Отандық дәрі- дәрмектерді сатып алуды 25 пайызға қысқартып, фармацевтикалық өнімдерді шығаратын 5 отандық компанияның 3-уімен ұзақ мерзімді келісімді жойды дейді. 

Смотрите! Здесь фотография президента. В Чехию я с ним ездил. Подписали соглашение. Инвестировали нам 60 млн долларов, под 2,8%. На 8 лет. С отсрочкой платежа на 2 года. И сейчас банк остановил кредит, потому что мы находимся в судебном процессе. Кто эти убытки понесет?

Фармацевтикалық өнім шығаратын отандық «Ромат» серіктестігі басшысының сот табалдырығын тоздырып жүргеніне 1,5 жылға жуықтады. Компания президенті Тұрарбек Рақыш белшеден қарызға батқанын айтады. Кезінде бұл компания Семей және Павлодар қалаларында фармокологиялық өнімдер зауытын салуға кіріскен. Ол үшін Чехиядан инвестор тапқан. Кәсіпорынның іргетасы қаланып, инженерлік коммуникация қолға алынған тұста іс насырға шапты. "СК-Фармация" бұл компанияның мемлекеттік сатып алулар кезінде өрескел қателіктерге жол бергенін алға тартып, өнімін алудан бас тартқан.

Шолпан Ахмет, "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрайымы:

Осы жылы "Ромат" тапсырыстың тиісті көлемін ала алмады. Неге десеңіз, компания өнім жеткізушілердің қара тізіміне енді. Өз міндетін атқара алмағандықтан.

Құрылысы тұралап тұрған компания енді Жоғарғы сот пен халықаралық сотқа дейін шағымданбақ. Айта өтейік, бұл "СК-Фармация" төңірегіндегі жалғыз дау емес.

Серік Сұлтанов, "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" қауымдастығы президенті:

Мысалы, түркиялық екі компания 66 миллион теңгесін құйды. Енді не істерін білмей дал. Біз ұзақ мерзімді келісім күшінде болғанда, жұмыс істеуге келіскен едік. Енді арадағы шартты бұзды, деп отыр. Оларға түсіндіріп отыру да оңай емес. Түркия елшісі бізбен бірге сот процестеріне барып жүр. Бұл өте ұят!

Ал депутат Қамал Бұрханов бұл барып тұрған жемқорлық деп есептейді. Іске Бас прокуратура араласпаса болмайды деген пікірде.

Қамал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Бұл барып тұрған жемқорлық емес пе? Әлем мемлекеттері инвесторлардың әр тиынына таласып жатқанда, біз не істеп жатырмыз: бұл іске Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті араласуы керек. Осындай бассыздықтан кейін бізге қандай инвестор келеді?

Өз кезегінде "СҚ - Фармация"-ның басқарма төрайымы Шолпан Ахметова онсыз да тексерістерден көз ашпай жатырмыз деп ақталды.

У нас была проверка, без выявлений нарушений. Не было нарушений. Последняя проверка была примерно ну меньше года.

Мәжілісмендер "Дәрі дәрмек сатып алудағы сорақылықтардың тыйылмай тұрғанына" тағы да шүйлікті. Айта кетейік, жуырда гепатитке қарсы вакцина төңірегінде шу шыққан еді. "Грузия бұл дәріні екі есе арзанға сатып алған, біз неге қымбатқа аламыз?"- деген депуттар үкіметке сауал да жолдаған. Іске прокуратура араласып тиісті тексеру "СҚ-Фармация"-ның қызметінен мін таппады. Бүгінгі отырыс барысында "СҚ-Фармацияны" таратып, Денсаулық сақтау министрлігінің аясында фармкомитет құрған дұрыс деген ұсыныстар айтылды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА