$480.61 €534.53 ₽5.28
×

АҚШ-тың Калифорния штатында үйінен қашып кеткен жасөспірімге қатысты тексеру басталды

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
1021
АҚШ-тың Калифорния штатында үйінен қашып кеткен жасөспірімге қатысты тексеру басталды

Билетсіз ұшқан бозбала. АҚШ-тың Калифорния штатында үйінен қашып кеткен жасөспірімге қатысты тексеру басталды. Ол жолаушылар ұшағының шассиге арналған бөлігіне мініп, Гаваиға ұшып барған. 5 сағатқа созылған сапар сәтті аяқталып ол жерге қонады. Есесіне, бозбала температураның төмендігі мен оттегі жетіспеуі салдарынан есінен танып қалған.

Осы оқиғаға орай тексеріске кіріскен мамандар жасөспірімнің тірі қалғанына таң қалуда. Ұшақпен тегін ұшқан жігіттің аты жөні әзірге айтылмай отыр. Оған ешқандай айып тағылған жоқ. Мұндай қадамға баруына үйдегі жанжал себеп болған сыңайлы. Полицейлер билетсіз бозбаланың ұшаққа қалай жеткеніне көз жеткізу үшін әуежайдың күзет қызметін тексеруге кірісті. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА