$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодардағы өндіріс ошақтарының тіршілігінен

AstanaTV
07.05.2016ж. 20:00
2848
 Павлодардағы өндіріс ошақтарының тіршілігінен

Осындай алаңдаулар... Ал келесі материал Павлодардағы ірі өндіріс ошақтарынан.

Кез келген зауыттағы әрбір қондырғыда еңбек адамы алақанының табы жатады. Павлодар машина жасау зауытындағы  станоктар да қара жұмысшының маңдай терімен әбден «жуылған». Сондықтан да өңірдің өндіріс ошақтарында дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ескерусіз қалмайды. ERG тобына кіретін қазақ даласындағы кәсіпорындар да еңбек қауіпсіздігі айлығы аяқталды. «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп компания бір топ журналисті кіргізе бермейтін цехтарына бас сұқтырды. Сонымен...

Бейнеқыстырма

Павлодар машина жасау зауыты көпірлі, тағанды крандар, жүк көтергіштердің қосалқы бөлшектерін және құрылыстық металл құрылымдарын  шығаратын бірегей кәсіпорын. Зауыт басшылығы орташа жалақыны өсіргендерін айтып марқайды. Өткен жылы орташа жалақы 120 мың теңгеден болса, биыл 139 мың теңгеден асқан. Дегенмен, төмен жалақы алатындар бар.

Роман Дацюк, токарь:

Хотелось бы больше. От 50 и выше. Сдельщик я, тоесть сколько сделал, столько получил. Для семьи с маленьким ребенком маловато.

Леонид Белогривый, "ERG SERVICE" АҚ филиалы Павлодар машина жасау зауытының директоры:

Жұмыскерлеріміздің еңбек жағдайына қатты мән береміз. Еңбек қауіпсіздігін үнемі жақсартуға тырысамыз. 2015 жыл қорытындысы бойынша осы мақсатқа  11 млн 580 мың теңге, ал биыл бірінші тоқсанда 2 млн 480 мың теңге жұмсадық.

Машина жасау зауытының басты жаңашылдығы мына 140 тонналық жүк көтергіші. Максималды түрде 172 тоннаға дейін көтере алады. Павлодарды айтпағанда Қазақстанда бұрын-соңды мұндай салмақты көтеретін крандар шығарылмаған. Тапсырыс беруші – Ақсу ферроқорытпа зауыты. Бірақ машина жасау зауытының басшылығы бұл кранды қандай соммаға сататынын айтпай қойды. 

Леонид Белогривый, "ERG SERVICE" АҚ филиалы Павлодар машина жасау зауытының директоры:

К сожалению это коммерческая тайна, контрактная и контрагент не хочет разглошать эту информацию. 04,04,22,20

Десе де «Қазхром» трансұлттық компаниясымен биылғы жылға 1 млрд. 650 млн. теңгеге келісім жасаған. Сөйтіп ішкі нарықта жұмыс ауқымы 4 есеге артқан. Есесіне ¤экспорт көлемі 3 есеге азайыпты. Кәсіпорынның негізгі тұтынушысы - Ресей. Жалпы өнімнің 3,5-4 пайызын алып келген көрші, тапсырысты төмендеткен. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдер Қазақстанның крандарына қызығып отырған жоқ. Леонид Белогривыйдың ақпарынша, Қырғызстан мен Арменияда жүк крандарын қолдануға болатын ауыр өндіріс жоқ. Ал Беларуссияға жол алыстығынан, тауардың өзіндік құны артады. Бұл бағыттар тиімсіз болғандықтан, зауыт өзге елдерді қарастырып отыр.  Әлем үшін қайта ашылып жатқан Иран нарығын зерттемек. Қазақ елінен баратын келесі делегациямен сапарлауды жоспарлап та қойған.  ¤

Леонид Белогривый, "ERG SERVICE" АҚ филиалы Павлодар машина жасау зауытының директоры:

¤  Өкінішке орай, әлемдегі қазіргі экономикалық жағдайға орай тапсырыс ауқымы төмендеді. Экспорт туралы айтсақ, оның көлемі үш есеге азайды. 2012 жылы Ресей Федерациясына 450 млн теңгенің өнімін жеткіздік. Ал 2015 жылы ол көрсеткіш тек 120 млн теңгені құрады. Ал биыл 200 млн теңгенің тауарын жеткіземіз бе деп отырмыз.

Әлемдегі экономикалық жағдайға орай, алюминий тотығын өндіруші Қазақстан алюминий зауытының өкілдері де экспорт бағасына алаңдаулы. 

Аманғали Әубәкіров, «Қазақстан Алюминийі» АҚ өндірістік техникалық басқармасының басшысы:

Бағасы өскен жоқ экспортқа. Білесіздер Лондон биржасынжда көріп отырасыздар. Биыл былтырғыға қарағанда төмендеп кетті. Бір жағынан бізге түк жақсылығы жоқ.

Глинозем өндіруші «Қазақстан алюминийі» АҚ алюминий тотығын өндіретін әлемдегі ірі тоғыз кәсіпорынның қатарында. Негізгі шикізат бокситті Қостанай облысынан алады. Қазақстан боксит қоры бойынша ТМД елдері ішінде Ресейден соң екінші орында. Мына өндіруші цех тәулігіне 300-350 вагон боксит, кокс, әктас пен өзге де шикізатты үгітіп шығарады.

Бейнеқыстырма: Бокситті аударып жатыр

Бұл цехтарда уатылған боксит алюминий тотығын алу үшін өзге цехтарға жіберіледі. Тазартылып, арнайы пештерде балқытылады.

Айналмалы құбырлы пеш міне осы. Бұл жердегі іштегі температура 1200 градусқа жетеді. Осы жерден алюминиге қажетті басты шиказат глинозем шығады.

Павлодар алюминий зауыты бүгінде 1 млн 495 мың тонна алюминий тотығын шығарса, оның 1 млн-нан артығы Ресейге экспортталады. Ал шикізаттың қандай бағамен кетіп жатқаны тағы да коммерциялық құпия.

Аманғали Әубәкіров,  «Қазақстан алюминийі» АҚ өндірістік техникалық басқармасының басшысы:

Бағасын айтуға неміз жоқ. Білмеймін, негізі бар ғой. Ол коммерциялық айтуға неміз жоқ. Айтылмайды бағасы. 07,09,14,18+ Еуразиялық одаққа шығуға жоспар жоқ. Біздің қуатымыз осы. Қосымша қуат үлкейсе ғана қарауға болады. Жоспар көбейтуге инвестиция керек. Қосымша қаржы керек.

Алюминий зауытының алға тартқан жаңашылдығы – қанатты металды құятын қалыптарды өздері шығара бастаған. Бұрын шетелден алып келген. Зауыттан шығатын алюминий тотығының 400 тоннадан артығы «Қазақстан электролиз зауытының» игілігіне жарап жатыр.

Қанатты металды құйып шығаратын құйма дөңгелектер міне осы жерде орналасқан. Бұл жердегі температура 750 градустан асады. Ал конвейнердің орта тұсына келгенде температура 450 градусқа дейін төмендейді. Соңғы өнім, құйма дайын болған кезде оның температурасы 60 градусқа дейін азаяды. Өнімнің 90 пайызы Ресей, Укрина, Беларуссия, Литва сынды алыс және жақын шетелге кетіп жатыр.

Қазақстан электролиз зауыты әлемдегі тауардың өзіндік құны төмен өндіріс ошақтарының бірі. Сондықтан да өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Дегенмен, әлемдік нарықта қанатты металл бағасының төмендегені салқынын тигізбей қоймады.

Евгений Дробышев,  «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндіріспен қамтамасыз ету басқармасының бастығы:

Қаржылық дағдарыс барлық кәсіпорындарға әсер етті. Бізге де тиді. Қуаттылығымыз жылына 250 мың тонна болса да, қазір 235 мың тонна шығарып жатырмыз. Бірақ алда толық қуатқа шығу жоспары бар. Әрине алюминий бағасы төмендеді. Сондықтан тауардың өзіндік құнын төмендете түсу үшін қосымша мүмкіндіктер іздеп жатырмыз. Алюминийдің қазіргі бағасы тоннасына 1642 доллар. Ол біздің баға. Экспортқа осы бағамен кетеді. Бұл баға тауардың әлемдік құнына орай өзгеріп отырады.

ERG тобына кіретін компаниялар адам капиталын алға шығарады. Еңбекті қорғау күніне орай өткен еңбек қауіпсіздігі айлығының «Өзіңе қымбат жандар үшін ережені 5 саусағыңдай біл» деген ұранмен өтуі содан. 

Айгүл Әдепбай, Самат Орынбаев, «Біздің уақыт».