Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өскеменнің браконьерлері мемлекетке 200 мың теңгеден астам шығын келтірді

AstanaTV
24.04.2014ж. 10:00
1106
Өскеменнің браконьерлері мемлекетке 200 мың теңгеден астам шығын келтірді

Шығыс Қазақстанның өзен-көлдері қатаң бақылауға алынды. 16-шы сәуірден бастап, өңірде балық аулауға тиым салынды. Бұл шара мамырдың аяғына дейін жалғаспақ.

Дегенмен, шектеуге қарамастан, ау құрған браконьерлердің де айылы тиылар емес. Күршім ауданында жүздеген тонна көксерке, шортан, табан балықтарын заңсыз алған браконьерлер қолға түсті. Шығын көлемі 200 мың теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, Самар ауылының маңында балық уылдырығын тиеп алған жүк көлігі қолға түсті. Қазір мемлекетке келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Мәулен Қанатбаев, Зайсан-Ертіс аймақаралық балық шаруашылығының басшысы:

Уылдырық шашу мерзімі 31-ші мамырға дейін жалғасады. Бұл
кезеңде аумен де, қармақпен де балық аулауға тиым салынады.

Қанат ОРАЛБЕК