$458.87 €493.84 ₽6
×

Қытайда юаньның долларға шаққандағы бағамы күрт төмендеді

AstanaTV
24.04.2014ж. 10:00
649
Қытайда юаньның долларға шаққандағы бағамы күрт төмендеді

Соңғы екі жыл көлемінде юаньның долларға шаққан бағамы минималдық деңгейге дейін түскен. Бүгінде бір долларға қытайлық валютасының 6 бірлігі беріледі. Бұл - 2012 жылдың желтоқсанынан бергі ең төмен бағам.

Бұндай төмен көрсеткіш қытайлық орталық банктің күш салуымен орын алған. Бүгінде аспан асты елінің билігі орын алған жағдайды бір қалыпта ұстап тұру үшін инфрақұрылым шығынын ұлғайтып, ауылдық банкілерге талаптарды бәсеңдеткен. Жергілікті бизнес өкілдері өзгерістерге разы. Себебі, юань бағамының әлсіздігі қытайлық кәсіпкерлердің тауарларды шетелге экспорттауын тиімді етпек көрінеді.

Өз ретінде АҚШ экономисттері валюталық тербелістерге алаңдаушылықпен қарауда. Аспан асты елінің ішкі жалпы өнімінің көрсеткіштері бірінші тоқсанда болжанған деңгейге дейін жетпеген. Осы орайда қытайлық валютаның құлдырауына инвесторлар да наразылық танытуда.

Жұрағат БАМАН

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах