$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Атбасарда болған тасқыннан зардап шеккендерге депутаттар көмек көрсетуде

AstanaTV
24.04.2014ж. 13:00
636
Атбасарда болған тасқыннан зардап шеккендерге депутаттар көмек көрсетуде

Сенатор Светлана Жалмағамбетова атбасарлықтарға қаржылай көмек көрсетуге үндеді. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке тиісті сауалын жолдады. Айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына 2,4 миллиард теңге қажет. Сондай-ақ, Сенатор әріптестерін бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге аударуды ұсынды.

Айта кетейік, Ақмола облысының Атбасар ауданында 500-дей үй қызыл судың астында қалды. 17 үй қирап, 164 баспана тұруға жарамсыз деп танылды. Тағы 307-сі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Светлана Жалмағамбетова, Қ
Р Парламенті Сенатының депутаты:

Ал енді біз депутаттар, мен өз әріптестеріме, депутаттарыма үндеу жарияладым. Оның ішінде мәжіліс депутаттары да қосылады. Бір күндік жалақыларымызды осы фондқа аударамыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА