$474.72 €515.17 ₽5.58
×

ШҚО-ның Риддер қаласындағы төтенше жағдай салдары толық жойылды

AstanaTV
24.04.2014ж. 13:00
1429
ШҚО-ның Риддер қаласындағы төтенше жағдай салдары толық жойылды

Риддер қаласындағы кеніштің опырылуына жер астындағы су құбырларының жарылуы себеп болған. Мұндай қорытындыны халықаралық сараптамалық топ бүгін жариялады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 4-ші сәуірде кеніштің опырылуынан тұрғын үй жер астына түсіп кеткен еді. Апат салдарынан радиусы 50 метр, тереңдігі 21 метрді құрайтын шұңқыр пайда болған. 16 баспана қауіпті аймақта тұрғандықтан, тұрғындары көшірілді. Оқиға орнына отандық және ресейлік ғалымдардан жасақталған арнайы топ келіп, апаттың салдарын анықтады. Олар қала астындағы су құбырларының жарылуынан шахта ортасына опырылып кеткендігін анықтап отыр.

Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, су құбыры 2013-жылдың қаңтар айында дәп сол құлаған үйдің аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жарылған. Сол кезден бастап жер лайланып, артынша кеніш опырылып кеткен, деген шешім шығарып отыр.

Қанат ОРАЛБЕК