$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Италияда Сильвио Берлускони белгіленген жазасын өтеуді бастады

AstanaTV
24.04.2014ж. 13:00
866
Италияда Сильвио Берлускони белгіленген жазасын өтеуді бастады

Қоғамдық жұмыстарға тартылған Италияның экс-премьер-министрі Сильвио Берлускони алдағы дүйсенбіден қарттар үйінде жұмысын бастайды.

Сот шешімі күшіне енді. 77 жасар саясаткер Милан түбіндегі шағын Чезано Босконе қалашығының қарттар мен мүгедектер үйінде өзін жаңа қырынан байқап көреді. Экс-премьер ол жерде жыл бойына күніне кем дегенде 4 сағат еңбек етуі тиіс. Ал егерде Берлускони тәртіпті болса, сот шешімі 45 тәулікке дейін шегерілуі мүмкін.

Алайда бұл ауыртпашылықтар саясеткерге өзінің «Алға Италия» партиясын басқарып, саяси қызметін жүргізуге кедергі келтірмейтін көрінеді. Сонымен қатар, ол өзінің сайлау алды бағдарламасын да жүргізуге де ниетті.

Еске салайын, соңғы 20 жыл ішінде Берлускониға қарсы 20 шақты іс қозғалған. Тек, олардың ешбірі соңына дейін жеткізілмей тоқтатылып, саясаткер жазаға тартылмаған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ