$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Кабулде тәртіп сақшысы шетел дәрігерлері тобына оқ жаудырды

AstanaTV
24.04.2014ж. 20:00
1183
Кабулде тәртіп сақшысы шетел дәрігерлері тобына оқ жаудырды

Кабулде тәртіп сақшысы шетел дәрігерлері тобына оқ жаудырып, артынша өзін-өзі атып көз жұмды. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды. Тәртіп сақшысының неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге анықталған жоқ.

Қаза тапқандардың үшеуі де АҚШ азаматтары екені белгілі. Олар аталмыш емдеу мекемесінде христиандық қайырымдылық қор атынан жұмыс істегені жайында ақпарат бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ