Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ президенті Қытай теңізіндегі территориялық дауда Жапонияны қолдайтынын білдірді

AstanaTV
24.04.2014ж. 20:00
1034
АҚШ президенті Қытай теңізіндегі территориялық дауда Жапонияны қолдайтынын білдірді

АҚШ президенті Барак Обама Қытай теңізіндегі бір топ аралға қатысты территориялық дауда Жапонияны қолдайтынын білдірді. Бұл туралы ол Азия елдеріне сапары аясында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуде айтты. Обаманың пайымдауынша, Токио мен Бейжің арасындағы Шығыс Қытай теңізіндегі бір топ арал Жапонияға тиесілі.

"Бұл аралдарға қатысты мәселе АҚШ пен Жапония арасындағы 1960 жылы жасалған қауіпсіздік туралы келісіммен реттеледі", - деді Ақ үй басшысы. Сондай-ақ АҚШ президенті өз елі мен Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасынан бас тартқызуға ықпал ете алады деген үміті барын білдірді. Алдағы іссапарларында Барак Обама Оңтүстік Корея, Малайзия және Филиппинге барады.

Жұрағат БАМАН