Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда саябақтар кешені өртеніп, жалын 70-ке жуық баспананы шарпыды

AstanaTV
25.04.2014ж. 10:00
1071
Павлодарда саябақтар кешені өртеніп, жалын 70-ке жуық баспананы шарпыды

Павлодарда «Энтузиаст» саябақтар кешені өртке оранды. Алдын ала болжам бойынша, жалын 70-ке жуық баспананы шарпыды деген ақпар бар.

Айта кету керек, бұған дейін де Керекуде дәл осындай бірнеше өрт оқиғасы болған еді. Бірақ, олардың ең ауқымдысы бүгін тіркеліп отыр. Жер телімдері иелерінің сөзінше, бұл қасақана жасалған әрекет. Олар саябақтардағы лашықтарды бәзбіреулердің әдейі құртып жатқандығын айтады. «Бұған себеп - болашақта осы аумақта пайда болатын тұрғын-үй кешені», - дейді бағбандар.

Жергілікті билік алдағы бірер жылда аталған аумаққа «Достық» шағын ауданын салуды жоспарлап қойған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 өрт сөндіру бірлігі жұмылдырылды. Алайда, жалынды ауыздықтауды ұйытқи соққан жел қиындатты. Дес бермеген жалын 2 гектарға жуық аумақты отқа орады. Алайда, келтірілген шығын мен қанша саябақтың өртенгендігі туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Леонтий Стара
дубов, зардап шегуші:

Само по себе, если, то одна дача, и такого никогда не было, пока разговоры не пошли, что будут выкупать земли.
- То есть вы считаете, что поджог?
- Ну, конечно, поджог.

Михаил Романевич
, Павлодар қаласы ТЖБ басшысы:

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Өрттің себебі анықталады. Негізі, саябақтағы өрттер - адами фактордан болады. Көріп тұрғанымыздай, жел де қатты. Саябақтарда қазір қоқыстарды тазарту жұмыстары басталды. Бір жерде шоқ қалып қоюы ықтимал. Тексереміз, анықтаймыз.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ