$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Алматыдағы аудандық ІІБ бастығының орынбасары жезөкшелер ордасын құру қылмысына айыпты

AstanaTV
25.04.2014ж. 10:00
1566
Алматыдағы аудандық ІІБ бастығының орынбасары жезөкшелер ордасын құру қылмысына айыпты

Алматыда жезөкшелердің «мамасы» атанған әйел мен оның 7 бірдей сыбайластырының үстінен қозғалған істі сот қарауына алды. Қаладағы ең ірі жеңгетайлық желісін құрып, қыруар қаражат тауып келген топ өткен жылы құрықталған болатын. Полициямен сыбайласып, жезөкшелер үйінің бірнеше нүктесін ашқан Ольга Хамбулатованың әрекеті заңның ең қатал баптарымен айыпталып отыр. Қылмыстық істі келесі аптада Алматы қаласының мамандандырылған арнайы соты қарауды бастайды.

Алып шаһардағы жеңіл жүрісті қыздардың бизнесіне Ішкі Істер министрлігінің Орталық аппаратындағы жоғары шенді полиция қызметкерлері «қалқан» болған. Қазір тиісті органдар осы іске қатысы бар делінген полковник шенінідегі Серік Бегасыловқа іздеу жариялады. Ол жезөкшелер арасында «Роза Мама» деген лақап аты бар жеңгетаймен бірігіп, астыртын табыс тапқан деп айыпталды. Бұрын осындай әрекеті үшін 7 жыл түрмеде отырып шыққан Ольга Хамболатованы қылмысы дәлелденсе, тағы да 13 жыл жаза күтіп тұр.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Бегасилов айына 3-4 мын доллар ақша алып отырған. Хамбулатова өзін "Марго" болмаса "Мама Роза" ретінде таныстырып, БАҚ жарнамалар арқылы тапсырыстар қабылдап отырған. Бегасилов Хамбулатовамен тексерістер полиция қызметкерлерінің тексерістерін ескертіп отырған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ